Жүктіліктің 40-шы аптасы

Жүктіліктің 40-шы аптасы

 

Сәбиіңіздің дүниеге келуіне жақын қалды. Бала туу кереметін сезінуге сәл-ақ қалды. Жүктіліктің соңғы апталарында ана мен баланың ағзасында не өзгереді - әрі қарай оқыңыз.

Жүктіліктің 40-ша аптасы: болашақ ананың ағзасында қандай өзгерістер жүреді?

Бұл апта-отбасыңыз кеңее түсетін мәре сызығы.

Егер босану толық 37 аптадан кейін және 42 аптаға дейін басталса-бұл қалыпты жағдай деп саналады, мұндай босану шұғыл деп аталады.1 40-шы аптада болашақ ана шаршауды сезінуі мүмкін, іші мүмкіндігінше ауыр болады, ауырлық орталығы ауысады да, тіпті қарапайым әрекеттерді орындау қиынырақ болады.

Жүктіліктің 40-шы аптасынан бастап немесе одан да ертерек әйел әлсіздік, бел және арқа ауруы, тітіркену, аяқтың ауырлығын сезінуі мүмкін.

Өзіңізді алаңдату үшін мамандар оқуға, сүйікті хоббиіңізбен айналысуға, өзіңізге ұнайтын нәрсені жасауға кеңес береді.

Қызықты дерек.

Кейбір әйелдерде босану 39-40 аптада басталады.

Осы уақытқа дейін болашақ ана мыналарды байқауы мүмкін:

  • Кіндіктің керіп тұруы;
  • Қыжыл;
  • Ентігу;
  • Геморрой белгілері;
  • Аяқ ісінуі;
  • Дұрыс ұйықтай алмау.

Жағымсыз белгілермен қалай күресуге болады?

Егер жоғарыда аталған белгілер пайда болса, алдымен дәрігермен кеңесу арқылы келесі кеңестерді қолдануға болады:

  • Қыжыл пайда болса, дәрігермен тамақтану мен өмір салтын өзгерту туралы өзгерістерді талқылауға болады. Егер бұл көмектеспесе, дәрігер жағдайды жеңілдету үшін дәрі-дәрмектерді тағайындай алады.
  • Ентігу пайда болған кезінде дереу дәрігерге жүгіну керек.
  • Егер геморрой белгілері пайда болса-дәрігерге қаралу керек, ол емдеуді ұсынады, әдетте кебек, көкөністер мен жемістерді қамтитын емдәмді тағайындайды. Компрессиялық трикотаж киюді тағайындау мүмкін.2
  • Егер аяқ ісінсе, диагностика жасау үшін міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.
  • Ұйқы мәселелері болса, жастықтарды қолдауды қажет ететін дененің белгілі бір бөліктерінің астына қоюға болады. Сатылымда жүкті әйелдерге арналған арнайы жастықтар бар. Ауа-райы жақсы болса, ұйықтар алдында қысқа серуендеңіз. Бөлмені үнемі желдетіп отыру керек.

Маңызды!

Жүктіліктің барлық кезеңінде пайдалы табиғи тағамдарды жеу тек ана үшін ғана емес, нәресте үшін де пайдалы. Көкөністерді, етті, балықты, бұршақ дақылдарын, жемістерді, жаңғақтарды, дәнді дақылдарды жеткілікті мөлшерде тұтыну керек3.

Дәрігермен бірге сіз үшін жеке таңдалған физикалық белсенділіктің болуы өте маңызды.

Босанудың жақындауын білдіретін белгілер:

  • Жаттықтырушы, “жалған” толғақ, (бұндай толғақтар Брекстон-Хикс толғақтары деп аталады, және ана ағзасын босануға дайындауға арналған);
  • Іштің төмен қарай түсуі байқалады;
  • Жыныс жолдарынан шырышты тығын шығады;
  • Болашақ ананың дене салмағы шамамен 1 кг ға азаяды.

Кеңес.

Жалған толғақтарды немесе Брэкстон Хикстің толғақтарын жеңілдету үшін мамандар аз мөлшерде су ішуді, дене қалпын өзгертуді, серуендеуді, демалуды, музыка тыңдауды, кітап оқуды ұсынады.

Толғақтарға назар аударыңыз. Егер толғақ тоқтамаса, тұрақты және жиілеп кетсе, әр 10-15 минут сайын пайда болса және олардың арасындағы уақыт кезеңі қысқарса, онда перзентханаға бару керек.

Жүктіліктің 40-шы аптасы: нәресте қалай дамиды?

Нәресте жүктіліктің 40-шы аптасында толығымен қалыптасқан. Баланың салмағы 3-4 кг-ға жетуі мүмкін, бойы шамамен 48-55 см.

Нәресте созылып, тепкілейді, есінейді, басқа қимылдар жасайды.

Сору рефлексі қазірдің өзінде дамыған, сондықтан нәресте туған кезде анасының сүтімен тамақтана алады. Босанудан бірнеше күн бұрын нәресте аз қозғалады, себебі ананың жатырында бос орын қалмайды.

Дәрігерге қаралу

Осы кезеңде жүкті әйел акушер-гинекологқа бару кезінде таныс процедуралардан өтеді. Дәрігер қан қысымын, іштің айналымын, салмағын, жатыр түбінің биіктігін өлшейді, акушерлік стетоскоп көмегімен ұрықтың жүрек соғуын тыңдайды. Егер жүктілік жоспар бойынша жүрсе, дәрігер жаңа сынақтарды тағайындамайды. Нәрестенің жүрек соғуын тыңдау және ананың жатырындағы бұлшықет белсенділігін тексеру үшін ұрықтың кардиотокографиясы (КТГ) тағайындалуы мүмкін. Осы мерзімде УДЗ әдетте қарастырылмаған.4

Жүкті әйелдерге арналған кеңес

  • Қозғалыс қиындықтары мен шаршағыштыққа қарамастан, акушер-гинекологтың қабылдауын жіберіп алмау керек;
  • Егер жалған толғақ көп ыңғайсыздық тудырса, дене жағдайын өзгерту немесе жылы, жағымды душ оны жеңуге көмектеседі;
  • Жүктіліктің соңғы күндерінде жақын адам әрқашан жақын болған жөн;
  • Күш жинау, демалу, күндіз 1-2 сағат, түнде кем дегенде 8-9 сағат ұйықтау маңызды.

Енді көбірек демалу, үйден алыс кетпеу, перзентханаға сөмке мен құжаттарды дайын ұстау маңызды, себебі көп ұзамай сіз көптен күткен сәбиіңізбен кездесесіз.

  1. В. И. Дуда. Акушерство. С. 171.
  2. Н. А. Ломова, Н. В. Дубровина, И. Е. Драгун, Е. С. Толстопятова. Геморрой у беременных и родильниц: принципы терапии. Медицинский совет №2, 2016. С. 23.
  3. ООО «Российское общество акушеров-гинекологов». Нормальная беременность (клинические рекомендации). С. 63.
  4. В. И. Дуда. Акушерство. С. 514.
наверх

Nestlé Baby & Me клубына қосылыңыз

Обратная связь
Кері байланыс
Полезные онлайн-программы
Пайдалы онлайн-бағдарламалар
Скидки от наших партнёров
Біздің серіктестерден жеңілдіктер
Всё о развитии и питании малыша
Баланың дамуы мен тамақтануы туралы
разделитель