Құқықтық ақпарат

www.nestlebaby.kz веб-сайтын пайдалану қағидалары және cookie файлдарын пайдалану тәртібі

1.  Жалпы ережелер
Осы www.nestlebaby.kz сайтында орналастырылған құжат («Оферта») жария оферта болып табылады, www.nestlebaby.kz интернет-ресурсын («Веб-сайт») пайдалану кезінде Әкімші мен Пайдаланушының өзара құқықтары мен міндеттемелерін реттейді. 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелеттік жасқа толған жеке тұлғалар Веб-сайттың Пайдаланушылары болып танылады. 
Веб-сайтты пайдалана отырып, Пайдаланушы Офертаның шарттарымен және ережелерімен толық келісетінін білдіреді, онда баяндалған Веб-сайтты пайдалану қағидаларын қабылдайды. 
Оферта шарттарымен келіспеген жағдайда, Пайдаланушы Веб-сайтты пайдалануды тоқтатуға міндетті. 
Оферта мерзімсіз әрекет етеді. 
Веб-сайт Société des Produits Nestlé, S.A. (Сосьете де Продюи Нестле С.А.) компаниясына тіркелген, оны «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС әкімшілендіреді, БСН 040740000547, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, A15E2Y0, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі, 28«В» («Әкімші»). 
Дербес деректерді жинаусыз, хостинг-провайдер ретінде техникалық қолдауды «Интернет-компания PS» ЖШС жүзеге асырады, БСН 080840007694, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 117, «А» литері корпусы.

2.  Веб-сайтты пайдалану қағидалары
Веб-сайтты пайдалану келесідей болмауы тиіс:

  • басқа адамдарға зиян, мазасыздық немесе нұқсан келтіру немесе басқа тұлғаның жеке өміріне қолсұғылмаушылық құқығын бұзу;
  • зияткерлік меншіктің кез келген құқықтарын теріс пайдалану немесе бұзу;
  • жала жабу (соның ішінде Nestlé компаниялар тобының кез келгеніне қатысты), порнографиялық, нәсілшілдік немесе ксенофобиялық сипатта болу; төзбеушілікті, өшпенділікті немесе зорлық-зомбылықты көтермелеу немесе қоздыру; немесе өзге де жолмен қорлау немесе қарсылық тудыру;
  • саяси, діни немесе өзге де орынсыз мәселелерге немесе тақырыптарға қатысты болу; немесе коммерциялық немесе басқа жарнаманы немесе жарнамалық акцияларды қамту;
  • жалған, алаяқтық, жаңылыстыратын немесе қасақана зиянды болу; вирустарды немесе зиянды кодты тарату; қауіпсіздікке қатер төндіру; немесе өзге де жолмен біздің сайттың тұтастығына қауіп төндіру;
  • Веб-сайтты зақымдау, өшіру немесе шамадан тыс жүктеу;
  • боттарды немесе басқа автоматтандырылған қол жеткізу құралдарын пайдалану.

3.  Дербес деректерді жинамау және cookie файлдарын пайдалану
Әкімші осы Веб-сайтта пайдаланушылардың дербес деректерін (Аты-жөні, электрондық пошта мекенжайлары, телефон нөмірлері және өзге де жеке ақпарат сияқты) мақсатты түрде жинау және өңдеу жүргізілмейтінін ресми түрде мәлімдейді.
Осы веб-сайттағы cookie файлдары туралы. Сіз сайтқа кірушілерді профильдеу, сайтқа кіру туралы статистикалық деректерді алу мақсатында cookie файлдарын пайдалана отырып, сондай-ақ метрикалық бағдарламалар арқылы жиналатын дербес деректерді өңдеуге келісім бересіз. Егер сіз дербес деректеріңіздің өңделгенін қаламасаңыз, сайттан шығыңыз. Толығырақ ақпарат Дербес деректерді өңдеу саясатында берілген.

4.  Авторлық құқық және зияткерлік меншік
Контент. Әкімші Веб-сайтта орналастырған материалдарға (мысалы, мәтіндер, суреттер, логотиптер, фотоматериалдар және бейнематериалдар) барлық зияткерлік меншік құқықтары, оның ішінде тауар белгілеріне құқықтар, авторлық және сабақтас құқықтар, сондай-ақ өзге де зияткерлік құқықтар Société des Produits Nestlé, S.A. (Сосьете де Продюи Нестле С.А.) компаниясына тиесілі немесе олардың заңды иелерінің келісімімен орналастырылған (Nestlé Контенті).
Nestlé Контенті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қорғалады.
Пайдаланушы Веб-сайт материалдарын қарай алады және одан үзінділерді жеке және коммерциялық емес мақсатта көшіре алады, бірақ бұл материалдарды одан әрі коммерциялық мақсатта пайдалану үшін емес, барлық жағдайда Nestlé Контенті мазмұнының тұтастығын, оның ішінде оның авторын/құқық иеленушісін мойындауды және авторлық құқықтар туралы ескертуді сақтауды (мысалы, © Société des Produits Nestlé, S.A.) құрметтеу және сақтау шартымен.
Бұл ретте тыйым салынады:

  • біздің веб-сайттан шамадан тыс, автоматты немесе жүйелі түрде материалдарды алуға немесе біздің сайттың материалдарын басқа сайт, сервис немесе дерекқор үшін немесе оларды құру үшін пайдалануға, немесе оларды қайта сату немесе тарату мақсатында пайдалануға;
  • біздің веб-сайттағы кез келген бағдарламалық жасақтамада пайдаланылатын бастапқы кодты оқуға ыңғайлы түрге дейін декомпиляциялауға, кері құрастыруды жүзеге асыруға немесе өзге де жолмен өзгертуге. Қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмеген жағдайда, сіз Веб-сайтты немесе Nestlé Контентін кез келген өзгеше пайдалануға, оның ішінде Әкімші өз қалауы бойынша рұқсат ете, тыйым сала немесе шектей алатын кез келген коммерциялық мақсатта пайдалануға алдын ала біздің рұқсатымызды алуға міндеттісіз.

5.  Кепілдіктерден бас тарту және жауапкершілікті шектеу
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ВЕБ-САЙТТА ҰСЫНЫЛҒАН БАРЛЫҚ КОНТЕНТ СІЗГЕ ҚАЗІРГІ КҮЙІНДЕ ЖӘНЕ ТІКЕЛЕЙ БІЛДІРІЛГЕН НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕГІ ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІКТЕРСІЗ ҰСЫНЫЛАДЫ. 
Әкімші Веб-сайтты барлық пайдаланушылар, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін барынша қолжетімді етуді мақсат етеді.
Пайдаланушы Веб-сайтқа қол жеткізуді, оны пайдалануды, қарауды және шарлауды өз тәуекелі мен жауапкершілігімен жүзеге асырады.
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ЖҮКТЕЛІП АЛЫНҒАН НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН БАРЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР СІЗДІҢ ӨЗ ТӘУЕКЕЛІҢІЗБЕН ҰСЫНЫЛАДЫ.
Әкімші Веб-сайттан кез келген материалды алу, пайдалану немесе жүктеп алу салдарынан Пайдаланушының компьютерлік жабдығын немесе басқа мүлкін зақымдауы мүмкін кез келген залал немесе вирус үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді.
Әкімші кез келген уақытта өз қалауы бойынша Веб-сайттың жұмысын уақытша немесе тұрақты негізде, оның ішінде техникалық себептерге байланысты тоқтата тұра немесе толық тоқтата алады.

6.  Ақпаратты өзгерту және өзге де шарттар
Әкімші кез келген уақытта өз қалауы бойынша бүкіл Веб-сайтты немесе оның бір бөлігін өзгерте алады.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Веб-сайтта Әкімші басқармайтын және бақыламайтын басқа сайттарға гиперсілтемелер болуы мүмкін. Әкімші мұндай сайттар үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді.
Әкімші жаңа оферта шарттарын Веб-сайтта орналастыру арқылы Офертаға біржақты тәртіпте өзгерістер енгізеді. Егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болса, Әкімші осы Офертаның ішінара немесе толық орындалмағаны үшін жауапкершілік көтермейді. Осы Оферта бойынша құқықтық қатынастардан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Келіссөздер барысында туындаған дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда, мұндай даулар міндетті түрде кінә қою тәртібін (наразылық тәртібін) сақтай отырып, Компанияның орналасқан жері бойынша Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының сотына шешуге берілуі тиіс. Наразылыққа жауап беру мерзімі ол алынған күннен бастап 30 (Отыз) күнтізбелік күнді құрайды.
Офертаның бұл нұсқасы ағымдағы болып табылады және барлық алдыңғы нұсқаларды алмастырады.
Сұрақтар туындаған жағдайда Пайдаланушы contact@info.nestle.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.

0.3-редакция 
Күні: 12.08.2026 ж. 

наверх