Ресми мәлімдеме
Nestlé Қазақстанда сыртқы жеткізушіден алынған шикізат сапасын бақылау шараларын күшейтуге байланысты балалар тағамының шектеулі партияларын ерікті түрде кері қайтарып жатыр.
Құрметті тұтынушылар,
«Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасының аумағында 15.04.2025 – 27.11.2025 ж. аралығында өндірілген және Қазақстан Республикасына жеткізілген балалар тағамы өнімдерінің шектеулі мөлшерін – белгілі бір партиялардағы тез еритін сүтті және сүтқышқылды құрғақ қоспаларды және аминқышқылдары негізіндегі емдік диеталық тамақтандыруға арналған құрғақ қоспаны ерікті түрде кері қайтарып жатқанын хабарлайды:
- NAN® 1 OPTIPRO® 400 г — партиясы 51510346AA, 52180346AA
- NAN® 1 OPTIPRO® 800 г — партиясы 51500346AA, 51740346AC
- NAN® 1 OPTIPRO® 1050 г — партиясы 51740346BA, 52200346BA
- NAN® 2 OPTIPRO® 400 г — партиясы 51680017A1
- NAN® 2 OPTIPRO® 800 г — партиясы 51420017C5, 51670017C2, 52940017C2
- NAN® 2 OPTIPRO® 1050 г — партиясы 5200167811, 5200167821, 5220167821, 5240167821, 5241167821, 5256167811
- NAN® КИСЛОМОЛОЧНЫЙ 400 г — партиясы 51220017A2, 51230017A1
- ALFARÉ® AMINO 400 г — партиясы 51050017Y2
- NAN® БЕЗЛАКТОЗНЫЙ 400 г — партиясы 51400346AA
Бұл қайтарып алу шарасы сақтық ретінде жүзеге асырылуда және сыртқы жеткізушіден алынған шикізатта (арахидон қышқылы) цереулид уытының болуы ықтимал қаупінің анықталуына байланысты «Нестле» компаниясы жүргізіп жатқан балалар тағамы өнімдерінің белгілі бір партияларын жаһандық деңгейде ерікті түрде кері қайтарып алу шараларының бір бөлігі болып табылады. Бұл ингредиенттің мөлшері аз болғанына және Қазақстан Республикасында тамақ өнімдерінде цереулид уытының мөлшерін нормалау көрсеткішінің жоқтығына қарамастан, «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС «Нестле» компаниясының ықтимал тәуекелдерді төмендету жөніндегі жаһандық шешімі аясында балалар тағамы өнімдерінің шектеулі партияларын ерікті түрде қайтарып алу жөніндегі іс-шараларды бастады.
Өнімді қайтарып алу туралы шешім сақтық шарасы ретінде және компанияның сапа мен қауіпсіздік жөніндегі қатаң хаттамаларына сәйкес қабылданды.
Аталған партиялардағы өнімді сатып алған тұтынушылардан оны «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС айқындайтын және тұтынушылардың назарына жеткізілетін тәртіппен қайтаруды сұраймыз. Өтемақыны рәсімдеуге арналған толық нұсқаулық жақын күндері тұтынушыларымыз үшін nestlebaby.kz сайтында жарияланады. Сайттағы жаңартуларды бақылап отыруыңызды сұраймыз. Егер Сізге кеңес қажет болса, келесі нөмір бойынша тұтынушыларды тәулік бойы қолдау қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз: 8 800 080 55 44
Бұл қайтарып алу компания жүргізген ықтимал қауіптерді бағалау қорытындысы бойынша анықталған өнімнің шектеулі партияларына ғана қатысты. Қайтарып алу шарасы басқа партиялардың өнімдеріне және «Нестле» компаниясы Қазақстан Республикасында ұсынатын кез келген басқа балалар тағамы өнімдеріне қатысты емес.
Қазақстан Республикасындағы реттеуші орган Компания қабылдаған шешім туралы хабардар етілді. Біз осы мәселені тезірек шешу үшін қажетті ақпаратты ұсынуға дайынбыз.
Тұтынушыларымызға келтірілген қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз.
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
Тұтынушыларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Біз өнімдеріміздің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелеріне зор жауапкершілікпен қараймыз және тұтынушыларымызға толық әрі ашық ақпарат береміз.
Біз сіздер үшін ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап дайындадық. Қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, біздің тәулік бойы жұмыс істейтін қолдау қызметінің мамандары Сізге кеңес беруге дайын.
«Детский Мир» дүкендер желісі арқылы өтемақы алу мүмкіндігі
Егер Сіз кері қайтарылуға жататын партиядағы өнімді «Детский Мир» дүкендер желісінен сатып алған болсаңыз және Сізде қаптамасы сақталса, оны «Детский Мир» сауда желісінің кез келген дүкеніне қайтарып, өнімнің құнын толық қайтарып ала аласыз. Өтемақыны рәсімдеу кезінде төлқұжат, банк картасы және чек (сақталған болса) қажет болуы мүмкін.
Егер Сіз кері қайтарылуға жататын партиядағы өнімді басқа сауда нүктелерінен сатып алған болсаңыз, өтемақы алу үшін сондай-ақ «Детский Мир» дүкендеріне жүгіне аласыз. Бұл жағдайда өнім құнын бонустармен қайтару қарастырылған, оларды Сіз желі дүкендеріндегі кез келген затты сатып алуға жұмсай аласыз.
Егер бұндай қайтару түрі Сізге қолайсыз болса, біздің сайтта қосымша ақпараттың жариялануын күтуіңізді сұраймыз. Біз үдерісті тұтынушыларымыз үшін барынша ыңғайлы ету және қайтару мен өтемақының қосымша нұсқаларын табу бағытындағы жұмысты жалғастырудамыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Қайтарылуға жататын партиядағы өнімді қай жерде сатып алынғанына қарамастан, Қазақстанның белгілі бір қалаларында өтемақы алу мүмкіндігі
Егер Сіз кері қайтарылуға жататын партиядағы өнімді сатып алған болсаңыз және қаптамасы сақталған болса, өнімнің қай сауда нүктесінде сатып алынғанына қарамастан, оны «Логистическая компания Алиди» ЖШС және «Алтын Алма» ЖШС кеңселеріне қайтарып, өнім құнының өтемақысын ала аласыз. Өтемақыны рәсімдеу кезінде жеке куәлік, банк картасы және чек (егер сақталған болса) қажет болуы мүмкін.
«Логистическая компания Алиди» ЖШС кеңселерінің мекенжайлары:
Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 258/B үй
Шымкент қ., Абай ауданы, Жиделі мөлтек ауданы, №613 ғимарат
Талдықорған қ., Ярославский көшесі, 5 үй
Тараз қ., Сыпатай батыр көшесі, 8Б үй
Қызылорда қ., Рисмаш мөлтек ауданы, Марал Ишан көшесі, № 7 ғимарат
Павлодар қ., Шығыс өндірістік аймағы, №337 ғимарат
Семей қ., Мелькомбинат, 1/1 үй
Өскемен қ., Рейш көшесі, 14/4 үй
Егер Сізге кеңес қажет болса, «Логистическая компания Алиди» ЖШС қолдау қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз: 8 800 080 01 25 және +7 771 780 35 13
«Алтын Алма» ЖШС кеңселерінің мекенжайлары:
Ақтау қ., №1 өндірістік аймақ, 35/10 ғимарат, 2-қабат, 206-каб. Тел.: 8 707 742 19 97
Атырау қ., Атамбаев көш., 12а, 4-блок. Тел.: 8 702 535 08 08
Астана қ., Байқоңыр ауданы, Алаш тас жолы, 24/3. Тел.: 8 700 554 40 54
Астана қ., Байқоңыр ауданы, Алаш тас жолы, 24/3. Тел.: 8 778 087 89 08
Қарағанды қ., Бытовая көш., 15/1, «Тұран» СО, 4-қабат, 403-каб. Тел.: 8 776 533 57 54
Қостанай қ., Рабочая көш., 170, «Жасмин» СҮ, 2-қабат, 216-каб. Тел.: 8 777 174 08 08
Ақтөбе қ., Сәңкібай батыр көш., 1, ПОШ ғимараты, 3-қабат. Тел.: 8 775 425 14 46
Орал қ., Мичуринское ст., Придорожная көш., 4/5, 2-қабат, 4-каб. Тел.: 8 702 799 87 30
Көкшетау қ., Алтынсарин көш., 6, 3-қабат. Тел.: 8 747 605 80 17
Петропавл қ., Уәлиханов көш., 9, 3-қабат. Тел.: 8 705 653 30 59
Жезқазған қ., Садовое кольцо көш., 13/32. Тел.: 8 777 295 07 71
Біз тұтынушыларымыз үшін процесті барынша ыңғайлы ету және қайтару мен өтеудің қосымша нұсқаларын табу бағытында жұмысты жалғастырудамыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
Nestlé балалар қоспаларының белгілі бір партияларын неліктен кері қайтарып жатыр?
Ерікті түрде қайтарып алу сыртқы жеткізуші тарапынан қауіптің анықталуына — балалар тағамы өнімдеріне омега-6 көзі ретінде қосылатын ингредиенттердің бірінің құрамындағы ұзын тізбекті полиқанықпаған май қышқылдарының (ҰТПҚМҚ) бір түрі — арахидон қышқылынан цереулид уытының табылуына байланысты сақтық шарасы болып табылады. Құрамдағы бұл ингредиенттің мөлшері аз болғанына қарамастан, «Нестле» компаниясының ықтимал тәуекелдерді төмендету жөніндегі жалпы шешімі аясында «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасының аумағында кейбір балалар тағамы өнімдерінің шектеулі партияларын ерікті түрде қайтарып алу жөніндегі іс-шараларды бастады. Біз реттеуші органды хабардар еттік және компания қабылдап жатқан шаралар туралы барлық қажетті ақпаратты ұсынудамыз.
Қай брендтер мен өнімдер кері қайтарылуға жатады?
Сыртқы жаһандық жеткізушіден алынған нақты шикізат (арахидон қышқылы) пайдаланылған өнімдердің белгілі бір партиялары кері қайтарылуға жатады. Өнімдер мен олардың нақты партиялары әр елде әртүрлі. Қазақстан Республикасында кері қайтарылатын партиялардың тізімі осы ресми мәлімдемеде көрсетілген. Біз реттеуші органға, тұтынушыларымызға және клиенттерімізге барынша ашық ақпарат ұсынамыз.
Ерікті түрде қайтарып алу Қазақстан Республикасына жеткізілген және 15.04.2025 – 27.11.2025 ж. аралығында өндірілген балалар тағамы өнімдерінің барлық партиясына қатысты ма?
Жоқ. Бұл шешім осы сайттағы жоғарыда берілген тізімде көрсетілген өнімдердің нақты партияларына ғана қатысты. 15.04.2025 пен 27.11.2025 ж. аралығында өндірілген NAN және ALFARÉ AMINO өнімдерінің қалған партиялары, сондай-ақ Нестле компаниясының Қазақстан Республикасында ұсынатын басқа балалар тағамы өнімдері кері қайтарылуға жатпайды. Тұтынушыларымыз оларды пайдалануды жалғастыра алады.
Нестле балалар тағамы өнімдерін Қазақстан Республикасына жеткізу жалғасуда ма?
Иә. Қазақстан Республикасында балалар тағамы өнімдерінің белгілі бір партиялары ғана ерікті түрде кері қайтарылуда. Сол кезеңде (15.04.2025 – 27.11.2025 ж.) өндірілген өнімдердің басқа партиялары кері қайтарылуға жатпайды және сатылымда бар. Сондай-ақ біз 27.11.2025 жылдан кейін өндірілген және үш сатылы қосымша бақылаудан өткен өнімдерді жеткізуді жалғастырудамыз, бұл өнімдер Қазақстан Республикасының нарығында қолжетімді және тұтыну үшін толығымен қауіпсіз.
Мен сатып алған өнімнің кері қайтарылуға жататынын қалай тексеруге болады?
Өніміңіздің қаптамасындағы партия нөмірін және жоғарыдағы тізімде көрсетілген кері қайтарылатын партиялардың нөмірлерін тексеруіңізді сұраймыз. Егер Сіздің өніміңіз кері қайтарылатын партиялар тізіміне кірмесе, оны баланың денсаулығына қауіптенбей пайдалануды жалғастыра аласыз. Егер партия нөмірі сәйкес келсе, өнімді пайдалануды тоқтатуыңызды сұраймыз. Мұндай өнімді сатып алған тұтынушыларға өтемақы ұсынылады. Өтемақыны рәсімдеу жөніндегі толық нұсқаулық жақын күндері біздің сайтта пайда болады. Егер сұрақтарыңыз болса, 8 800 080 55 44 телефоны бойынша біздің тәулік бойы жұмыс істейтін тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласа аласыз.
Құрамында бұл ингредиент жоқ және партиялары қайтарылмаған өнімдер бар ма?
Иә, 1, 2, 3 және 4-сатылы NESTOGEN өнімдерінің бірде-бір партиясының құрамында жаһандық жеткізушіден алынған аталмыш ингредиент жоқ және бұл өнімдерге қайтарып алу шарасы қатысты емес.
NAN 3 OPTIPRO және NAN 4 OPTIPRO сүттерінің қандай да бір партияларына қайтарып алу шешімі әсер етті ме?
Жоқ, NAN 3 OPTIPRO және NAN 4 OPTIPRO сүттерінің бірде-бір партиясына қайтарып алу туралы шешімнің қатысы жоқ. Бұл өнімдердің құрамында жаһандық жеткізушіден алынған аталмыш ингредиент пайдаланылмайды.
Мен балама бұл өнімді ұзақ уақыттан бері беріп жүрмін — келешектегі салдары туралы алаңдауым керек пе?
Егер балада белгілер жоқ болса, сәби денсаулығына төнетін ұзақ мерзімді салдарлар туралы алаңдауға негіз жоқ. Егер Сіздің балаңыздың денсаулығына немесе тамақтануына қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз болса, педиатрыңызбен кеңесуді ұсынамыз. Қосымша кеңес алу үшін 8 800 080 55 44 нөмірі бойынша біздің тәулік бойы жұмыс істейтін тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл шара Nestlé-нің басқа тамақ өнімдеріне қатысты ма?
Қазақстан Республикасының нарығында ұсынылған балалар тағамының басқа партияларына және Nestlé-нің өзге де өнімдеріне бұл шараның қатысы жоқ, олар тұтыну үшін қауіпсіз. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы біздің басты басымдығымыз болып қала береді.
Өнімді қалай қайтаруға болады?
Таяу күндері біз осы сайтта ақшалай қаражатты қайтару процесі туралы ақпаратты жариялаймыз. Егер Сізге қосымша кеңес қажет болса, 8 800 080 55 44 телефоны бойынша біздің тәулік бойы жұмыс істейтін тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.
Толығырақ
- Жабық банка немесе қаптаманы астыңғы жағына қаратып аударыңыз.
- 10 таңбалы комбинацияны (әріптер мен сандар) табыңыз.
Важная информация
Мы считаем, что грудное вскармливание является идеальным питанием для младенцев, и всецело поддерживаем рекомендацию Всемирной организации здравоохранения об исключительно грудном вскармливании в течение первых шести месяцев жизни ребенка.
Также мы признаем, что грудное вскармливание не всегда может быть доступно для родителей. Какой бы вариант кормления вы ни выбрали, клуб Nestlé Baby&Me всегда готов предоставить новейшую научно обоснованную информацию, чтобы вы чувствовали поддержку и были уверены в том, что даете своему ребенку лучшее питание.