ҚОСПАНЫҢ ДИЗАЙНЫ МЕН РЕЦЕПТУРАСЫНЫҢ АЛДАҒЫ ӨЗГЕРІСІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙМЫЗ
Жаңа қоспаға көшіру схемасы
Бір рет берілетін тамақ мөлшері мен тамақтандыру саны баланың жасына байланысты
Әр жолы баланы қажетті көлемге дейін ана сүтімен немесе үйреншікті қоспамен қосымша тамақтандырыңыз
Дайындау әдісі
Қоспаны дайындауды бастамас бұрын қолыңызды жуыңыз. Қоспа іздері қалмас үшін бөтелкені, емізікті және қақпақты мұқият жуыңыз.
Оларды 5 минут бойы қайнатыңыз. Пайдаланғанға дейін жауып қойыңыз. Ауыз суды 5 минут қайнатып, содан кейін 40 °C дейін суытыңыз.C
Тамақтандыру кестесін қатаң сақтай отырып, қайнатылған бөтелкеге жылы судың дәл өлшенген мөлшерін құйыңыз
Тамақтандыру кестесін қатаң сақтай отырып, балаңыздың жасына сәйкес ұнтақтың дәл мөлшерін өлшеуіш қасықпен қосыңыз. Тек банка ішіндегі асырып толтырылмаған өлшеуіш қасықты ғана пайдаланыңыз. Өлшеуіш қасықтың құрғақ екеніне көз жеткізіп, оны қайтадан банкаға салыңыз.
Қоспа толық еруі үшін, бөтелкені алақандарыңызбен алға-артқа қарай шамамен 5 секунд, содан кейін жоғары-төмен қарай шамамен 10 секунд бойы қарқынды шайқаңыз.
Қоспаны дайындағаннан кейін, ұнтағы бар банканы тығыз жабыңыз. Тамақтандырар алдында қоспаның температурасын тексеріңіз.
Ескертпе.Қоспа порциясын тура тамақтандырудың алдында дайындау керек. Дайындау жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтаңыз. Қоспаны дайындау үшін асырып толтырылмаған, қоса берілген өлшеуіш қасықты пайдалану қажет. Кестеде көрсетілген мөлшермен салыстырғанда ұнтақтың дұрыс емес мөлшерін – артық немесе кем мөлшерде еріту бала ағзасының сусыздануына немесе оның тамақтануының бұзылуына әкелуі мүмкін. Көрсетілген пропорцияларды медицина қызметкерінің кеңесінсіз өзгертуге болмайды.Қайнатылмаған суды және қайнатылмаған бөтелкелерді пайдалану, сондай-ақ дұрыс сақталмауы, тасымалданбауы және дайындалмауы бала үшін жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Тамақтандырудан кейін қалған сұйылтылған қоспа сақтауға және қайта пайдалануға жатпайды.
Балалар сүт қоспалары мен сүтті тағамдарды сақтау ережелері
Пайдаланғаннан кейін балалар қоспасына/сүтке арналған қасықты дереу қайтадан қаптамаға салу керек. Қасық басқа беттермен жанаспауы тиіс.
Балалар сүт қоспалары мен сүтті басқа ыдыстарға ауыстырып салу ұсынылмайды, оларды түпнұсқа қаптамасында сақтау керек. Қаптаманың барынша саңылаусыздығын қамтамасыз ету үшін өнімнің банка шеттеріне түспеуін қадағалаңыз.
Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін бөлек бөлінген құрғақ жерде, 25 °C-тан аспайтын температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспайтын, тікелей күн сәулелерінен алыс жерде сақтаңыз.
Ашылған қоспа немесе сүт қаптамасын 3 аптадан артық сақтауға болмайды. Тоңазытқышта сақтау ұсынылмайды.
Қоспа/сүтте өзіне тән емес түс, иіс, сусымалылығының жоғалуы, жабысқан түйіршіктер анықталған жағдайда бұл өнімді пайдаланбаңыз!